19 Желтоксан 2019
135

Денсаулық сақтау саласында жаңа серпіліс: 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама қабылданды

 

Сегодня на заседании Правительства РК были подведены итоги реализации государственной программы развития здравоохранения Республики Казахстан «Денсаулык» на 2016-2019 годы и презентована новая госпрограмма развития здравоохранения 2020-2025 годы.

Бүгін ҚР Үкіметі отырысында ҚР 2016-2019 жылдарға арналған "Денсаулық" мемлекеттік бағдарламасының нәтижесі  қорытындыланды және  денсаулық сақтау саласын  дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған жаңа мемлекеттік бағдарламасы таныстырылды.

Бағдарламаның бірінші мақсаты - қоғамдық денсаулық сақтауды дамыту. Аурулардың алдын алуға, жастар денсаулық орталықтарын күшейту арқылы балалар мен жастар денсаулығына, оның ішінде менталді және репродуктивті денсаулыққа ерекше көңіл бөлінеді.

 

 

Келесі бағыт – адами капиталды дамытуға арналған. Кәсіби жетілдіру, биомедициналық зерттеулер нарығын дамытып, коммерцияландыру, дербестендірілген медицинаны енгізу жоспарда бар.

Денсаулық сақтау министрі: «Жалақыны арттыру, әлеуметтік қолдауды күшейту, кәсіби жауапкершілікті қорғау арқылы медициналық қызметкер мәртебесін арттыру жоспарланған. Дәрігердің орташа жалақысы 2025 жылы 2,5 есе асады және ауылдағы медициналық қызметкерлер мен қамтамасыз ету 13 пайызға өседі, клиникалық зерттеулер саны 2 есе артады».

Педиатрия, оңалту және басқа медициналық қызметтерді кеңейту және дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуді жетілдіру де бағдарламаның басты міндеті.            

Ал «Денсаулық сақтау жүйесінің тұрақты дамуы» деген үшінші міндет аясында халықтың денсаулығына жұмсайтын  жеке шығындары 39 пайыздан 27 пайызға төмендейді.

«Елбасының тапсырмасын орындау барысында, алғашқы медициналық-санитариялық көмек пен қоғамдық денсаулық сақтауды қаржыландыру жалпы шығыстың 60 пайызына жетеді.  Құрал-жабдықтарды жаңартуға, ірі объектілерді салуға инвестициялық шығындарды өтеу, тарифтерді жетілдіру көзделген», - деді министр.

Ал тозығы жеткен  медициналық ғимараттар саны 32 пайызға төмендейді. Денсаулық саласына инвестициялар көлемі алты жылда 2,8 триллион теңгеге жетеді. Оның ішінде жеке инвестициялар үлесі 70 пайыздан асады.

2025 жылға дейін халықаралық стандарттарға сай 19 заманауи көп салалы аурухана салынады және бұған 1 триллион теңгеден астам инвестиция тарту жоспарланған. Бұған ірі халықаралық жеке инвесторлар тартылады.  Осылайша, ауруханадағы төсек орындары 50 пайызға жаңарады. Осы  мақсатта биыл 11 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Еуропа Қайта Құру және Даму Банкі арасында меморандумға қол қойылды.

Бағдарламаны жүзеге асыруға 3 триллион 180 млрд теңге бөлінеді деп жоспарланған. Елбасы тапсырмасын орындау барысында денсаулық сақтау шығындарының үлесі жалпы ішкі өнімнің 5 пайзына жетеді.  Ол үшін алты жылда денсаулық саласына жалпы 25,8 триллион теңге жұмсалады.

«Бағдарлама толық орындалғанда адам басына шаққандағы денсаулық шығындар 279 мың теңгеге жетеді; денсаулық сақтау инфрақұрылымы жаңарады. Негізгі созылмалы аурулардың  салдарынан болатын  ерте өлім 20 пайызға; ана өлімі 17 пайызға; нәресте өлімі 19 пайызға төмендейді. Халықтың өмір сүру ұзақтығы 75 жасқа жетеді», - деді Елжан Біртанов.

Сондай-ақ, 2016-2019 жылдарға арналаған "Денсаулық" мемлекеттік бағдарламасының нәтижесін баяндады. Елжан Біртанов ең алдымен құжаттың басты жетістігіне тоқталды: бағдарлама аясында қоғамдық денсаулық қызметі құрылды, МСАК дамыту үшін жалпы практика дәрігерінің жүктемесі  16 пайызға төмендеді және ауруларды басқару бағдарламасы енгізілді.

Сонымен қатар, 2020 жылдан бастап міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға дайындық жұмыстары жүргізілді. 

Медициналық қызметкерлердің жалақысы 30 пайызға өсті, дәрігер тапшылығы 2,7 есе азайды.

«Денсаулық сақтау саласындағы инвестициялар екі жарым есе өсіп, 147 миллиард теңгеге жетті. 469 жаңа медициналық объект іске қосылды. Цифрландырудың арқасында емханалардағы кезек 2 есе азайды. Барлық мемлекеттік медициналық ұйымға медициналық информациялық жүйе енгізілді», - деді Елжан Біртанов.

Осы атқарылған жұмыстардың нәтижесінде, елімізде денсаулық көрсеткіштері жақсарған.  Өмір сүру ұзақтығы 73 жастан асты (73,15). Жалпы өлім 2 пайызға, ана өлімі 13 пайызға, нәресте өлімі 4 пайызға, туберкулезден өлім саны 41 пайызға төмендеді.

Жалпы,  «Денсаулық»  бағдарламасының негізгі мақсаттары мен міндеттері орындалды деп айтуға болады, - деді министр.

Еліміздің Премьер-Министрі мемлекеттік «Денсаулық» бағдарламасының тиімділігіне жоғар бағалады. Асқар  Мамин бағдарламаны  іске асыру нәтижесінде елде негізгі медициналық демографиялық  көрсеткіш жақсарғанын айтты. 

«Өмір сүрудің орташа ұзақтығы 73  жасқа жетті. Елбасы Н.Ә. Назарбаев медициналық қызметтік сапасын жақсарту,  МСАК жұмсалатын шығыстарды ұлғайту бойынша нақты тапсырмалар берді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев  аурулардың алдын алу және салауатты өмір-салтын насихаттау бойынша  шаралар қабылдауды,  медициналық  ұйымдарға қадамдық қолжетімділікпен қамасыз етуді тапсырды. Бағдарламаның жобасы осы маңызды міндететрді шешуге бағытталған», -деді Асқар Мамин.

 

 

 

Мемлекеттік бағдарламалар