13 Желтоксан 2019
94

Денсаулық сақтау саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар тапсырылды

Бүгін облыс әкімдігінде Тәуелсіздік күніне орай салтанатты жиын өтті.

Облыс әкімі залдағы жиналған қауымды еліміздің қастерлі мерекесі Тәуелсіздік мерекесімен құттықтады. -Тәуелсіздіктің арқасында тарихы біте қайнасқан, тағдыры ортақ біртұтас халыққа айналдық. Тірлігі жарасқан, бірлігі бағын ашқан елміз. Қазақ халқында «Ынтымақты елдің ырысы мол» деген даналық сөз бар. Бірлігіміздің арқасында қазақ елі күллі әлемге танылып, көк байрағы биікке желбіреді. Тәуелсіздіктің арқасында жолымызды тауып, рухани, мәдени байлығымызды түгендедік. Елбасының «Қазақ даласының бірінен-бірі  артық- кемі жоқ» деген әдемі сөзі бар. Отанымыздың дамуына Қазақстанның барлық облысы өз үлестерін қосты.

Соның ішінде Батыс Қазақстан облысы жұртшылығы тәуелсіздік жолында ерен еңбек етті. Сонау 1991 жылдан бері облысымыз өркендеді, экономикамыз біртіндеп дамып, халықтың әл-ауқаты артты. Мәдени-рухани жетістіктерге қол жеткіздік, ұмыт қалған мұрамыз қайта жаңғырды. Осының барлығы ел бірлігінің, ел азаматтарының еңбекқорлығының, отандастарымыздың болашаққа деген нық сенімінің арқасы деп білемін, - деді облыс әкімі.

Одан кейін өңір басшысы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығы бойынша мемлекеттік және қоғамдық қызметте сіңірген еңбегі, елдің әлеуметтік экономикалық  және мәдени  дамуына, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан үлесі үшін бір топ азаматқа мемлекеттік марапатты салтанатты жағдайда табыс етті.

«Шапағат»  медалімен марапатталды:

Карекенов Серик Уразбаевич – ШЖҚ «Облыстық көп бейінді ауруханасы» МКК-ның травматология бөлімшесінің меңгерушісі, Батыс Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасының штаттан тыс травматологі.

Суйеугазиева Эльмира Гайсиновна - ГКП ШЖҚ «Облыстық кардиологиялық орталығы» МКК-ның емдеу ісі жөніндегі директордың орынбасары, Батыс Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасының штаттан тыс кардиологі.

Юн Олег Николаевич – ШЖҚ «Облыстық жедел медициналық жәрдем станциясы» МКК дәрігері.

 

 

 

 

 

 

Мемлекеттік бағдарламалар