11 Желтоксан 2019
89

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау вице-министрі Олжас Әбішев БҚО-да жұмыс сапарымен болды

Ол облыстың медицина қызметкерлерімен кездесті. МӘМС енгізу мәселесі талқылаудың басты тақырыбы болды.

2019 жылғы 1 желтоқсанға облыстың мемлекеттік медициналық ұйымдарының желісі 39 заңды объектіні құрайды. Олар толығымен компьютерлік техникамен жабдықталған.

Қалалар мен аудан орталықтары деңгейінде барлық денсаулық сақтау ұйымдары интернет желісіне қолжетімділікпен қамтамасыз етілген.

Бүгінгі күні 350 медициналық ұйым (386-дан) Интернет желісіне қосылған. Бұл ретте шекара маңындағы аудандардың 36 денсаулық сақтау объектісі  медициналық пункттер Интернетке шыға алмайды.

Облыстың медициналық ұйымдарында 4 ақпараттық жүйе (МАЖ) енгізілді: «KazMed» медициналық ақпараттық жүйесі, «АДИС» жедел медициналық жәрдем басқармасының автоматтандырылған жүйесі, «ДамуМед» КМАЖ, «Авиценна» МАЖ.

Облыс бойынша ауылдық елді мекендерін талшықты-оптикалық байланыс желілерінің технологиясы бойынша кең жолақты қолжетімділікпен қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жүргізілуде.

МӘМС жүйесіне халықты тарту бойынша үлкен жұмыс жүргізілуде.

Батыс Қазақстан облысының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының мәліметіне сәйкес 2019 жылдың басында МӘМС жүйесіне тартылмаған адам саны- 90691 құрады, олар бойынша статустарды нақтылап, мемлекеттік органдардың деректер базасын өзектендіру қажет. Оның ішінде 2019 жылдың 1 желтоқсанына 75286 тұлға өзектендірілді. 

Өзектендірілмеген тұлғалар саны 15434 адамды құрайды. Өзектендіру бойынша одан әрі жұмыс жүргізілуде.

Денсаулық сақтау Вице-министрі облыстың медицина қызметкерлерімен кездесуде медициналық сақтандыруды енгізуге дайындығының жоғары деңгейін атап өтті. Дайындық туралы айта келе, ол медициналық ұйымдардың техникалық жабдықталуына, инфрақұрылымдық қуаттылығына және кадрлық қамтамасыз етілуіне назар аударды.

- МӘМС енгізу туралы адамдарға көбірек ақпарат беріп, осы бағытта жұмыс істеу қажет,-деп атап өтті ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Олжас Әбішев.

 

Мемлекеттік бағдарламалар