12 Желтоксан 2019
133

Мерген дәрігерлік амбулаториясы күрделі жөндеуден өтті !

Амбулаторияда соңғы күрделі жөндеу 2006 жылы өткізілген болатын. Амбулаторияның жалпы аумағы 243,3 ш.м., оның ішінде жұмыс ауданы 190,6 ш.м., қабаттылығы: 2 қабат. Қазіргі уақытта амбулаторияда 2 медпункті қоса алғанда 20 қызметкер еңбек етеді, оның ішінде 1 жалпы практика дәрігері Досқалиева Майра Әбілқасымқызы, тіс дәрігері, 11 орта медицина қызметкері,  және 7 басқа персонал (санитаркалар, газоператорлар, 1 көлік жүргізуші). Қызмет көрсетілетін халықтың саны 1154 адам, оның ішінде  Мойылды және Жолап медициналық пункті қосылған. Нысанның күрделі жөндеуі 2019 жылдың 13 қыркүйегінде басталып 3 айға созылды. Жөндеу жүргізген ЖШС «Design». Жөндеу жұмыстарының жалпы сомасы 28 476 000 тг құрады. Ағымдағы жылдың қыркүйек айында амбулаторияға стоматологиялық кресло алынды.

 

 

 

Мемлекеттік бағдарламалар