12 Қазан 2019
64

БЕРДІБЕК САПАРБАЕВ: "МӘМС жүйесіне түсетін төлемдерді тұрақты бақылау қажет"

"Әлеуметтік медициналық сақтандыруды  кейінге қалдырмаймыз. МӘМС Қазақстанда 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап толық іске қосылады", -деді  ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаев Орал қаласында медициналық жұртшылықпен кездесу барысында. 
 
Жыл соңына дейін халықты өзектендіруді, ақпараттық жүйелерді ықпалдастыру ісін аяқтау қажет, -деді ол. Вице-премьер медициналық қызметтерді үздіксіз алу үшін медициналық сақтандыру жүйесіне төлемдерді тұрақты қадағалау маңызды екенін еске салды.  
 
"Жыл соңына дейін әрбір дәрігерді медициналық сақтандыру бойынша жұмыс істеуге үйретіп, әрбір адамға МӘМС қалай пайдалану керектігін түсіндіру  қажет", - деді Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов.
 
 
 
 
 
 
 
 

Мемлекеттік бағдарламалар