31 Мамыр 2018
1273

Медициналық ғылым және білім

Батыс Қазақстан медицина колледжінің

сапа саласындағы

С А Я С А Т Ы


  Батыс Қазақстан медицина колледжі ИСО – 9001 стандарты ұстанымдарына сай сапа менеджментін ұдайы жетілдіре отырып, қоғам мен тұтынушылардың талаптары және үміттеріне сәйкес сапалы білім қызметін ұсынады, осы үміттерді ақтап, олардан асып түсуге ұмтылады. Басты мақсат – қоғам мен өңір экономикасының білікті орта буын мамандарға, денсаулық сақтау саласындағы қызмет көрсету еңбегіне деген қажеттілігін қанағаттандыру. Мақсатқа қол жеткізу мынандай міндеттерді шешуді көздейді: Көшбасшылықты ынталандырып және барлық қызметкерлерді инновациялық білім технологияларын кеңейту жолымен мамандар даярлау сапасын арттыруға тарту; Нормативтік талаптарды басшылыққа алып және ұдайы өзгеріп отыратын нарық субъектілерін қанағаттандыруға тырысып тұтынушыларға бейімделу; Нақты жоспарлау, жүйелі бақылау мен түзету іс- қимылдарын уақтылы енгізу жолымен нәтижелілік пен тиімділікке қол жеткізу; Ашық азаматтық қоғам ұстанымдарына сәйкес колледж қызметіне қоғамдық бақылауды күшейту арқылы барлық мүдделі тараптармен өзара бірлесіп іс- қимыл жасау; Кадрлардың біліктіліктерін арттыру және қайта даярлауды үздіксіз ұйымдастыру; Мақсаттар мен міндеттерді іске асыру -өзара түсіністік ұстанымдары және дау — дамайсыз келісе жұмыс істеп бірін –бірі толықтыру және көп этникалық ортада психологиялық ұғынысу мен жағдайды жақсарту қажет тұстарда ынта көтеріп жұмыс істей білетін жоғары деңгейдегі кәсіби мамандар – бір мақсатты пікірдегі команда арқылы ғана іске асыруға болады; Құрылымдық бөлімшелер саясатты іске асыруға ұқсастандырылған үдерістер, лауазымдық нұсқаулықтар, стандарттар, бағдарламалар және жоспарлар негізінде білім беру қызметінің өмірлік маңызды циклдарының барлық сатыларында бірлесе жұмыс істейді; Жоғары басшылық сапаны жетілдіру бойынша қызметі үшін колледж қызметкерлерін тиісті ресурстармен қамтамасыз етуді міндетіне алады; Біздің ұстанымдарымыз уақтылы түзету іс — қимылдағы және білім қызметін үздіксіз жақсарту мақсатында жүйелі түрде талданып отырылады; Біз үшін ұйым жетістігі – қойған мақсаттарға тиімді қол жеткізу.


   

Батыс Қазақстан Жоғарғы медициналық колледжінің 2019-2020 оқу жылына оқу процесінің графигі


 

Мемлекеттік бағдарламалар