28 Мамыр 2018
749

2017 жылға арналған аңдатпалар

2017 жылға арналған аңдатпалар

  1. 4 ақпан күні Бүкіләлемдік онкологиялық аурулармен күрес күніне орай шара оздырылады.

  2. Сәуір айында Бүкіләлемдік денсаулық күніне орай шаралар.

  3. Сәуір айында Халықаралық медбикелер күніне орайластырылған салтанатты шара өткізіледі.

  4. Жарақаттанудың алдын алу бойынша айлықтың өткізілуі (1-4 сәуір).

  5. Бүкіләлемдік бронх демікпесімен күрес күні (7 мамыр).

  6. Бүкіләлемдік темекішегішулікпен күрес күні (31 мамыр).

  7. Мамыр айында Батыс Қазақстан облысы медицина қызметкерлерінің қалалық және облыстық спартакиадасы оздырылады.

  8. Наурыз айында Наурыз мерекесіне орайластырылған мерекелік шара өткізіледі.

  9. Мамыр айында Ұлы Жеңіс күніне орайластырылған мерекелік шара ұйымдастырылады.

  10. Бүкіләлемдік туберкулезбен күрес күні (24 наурыз).

  11. Бүкіләлемдік иммундау апталығы-сәуір.

  12. Халықаралық отбасы күні-15 мамыр.

  13. Халықаралық балаларды қорғау күні.

  14. Маусым айында Медицина қызметкері күніне орай салтанатты шара оздырылады.

  15. 15 маусым-Донор күні.

  16. «Денсаулық фестивалі» кеңкөлемді акциясы-қыркүйек.

  17. 29 қыркүйек күні Бүкіләлемдік жүрек күніне орай БАҚ-да тақырыптық сөз сөйлеулер ұйымдастырылады.

  18. Бүкіләлемдік психикалық денсаулық күні-10 қазан.

  19. Бүкіләлемдік ЖИТС-пен күрес күні (1 желтоқсан).

  20. Бүкіләлемдік инсільтпен күрес күүні-29 қазан.

  21. 30 қараша күні ҚР Тұңғыш Президенті күні қарсаңында барлық медициналық ұйымдарда салтанатты жиналыстар өтеді.

  22. 15 желтоқсан күні ҚР Тәуелсіздігі қарсаңында денсаулық сақтау қызметкерлеріне арналған салтанатты шара өткізіледі.


     

 

Аңдатпа

Жедел медициналық жәрдем станция қызметкерлерінің кәсіби қызметі эмоционалды, интеллектуалды жүктелім жағдайында өтеді. Оның басты ерекшеліктері оқиғалардың қауырттығы, жедел шешім қабылдауы, жұмыс қарқынының жоғарлылығымен сипатталады. Қызмет барысындағы стресске төзімділік, коммуникативті дағдыларды анықтау үшін 31 қаңтар күні сағат 11.00-де жедел медициналық жәрдем станциясы негізінде қызметкерлері арасында психологиялық жұмыс жүргізіледі.


Аңдатпа

2017 жылдың 15 ақпанында сағат 16.00-ден №5 қалалық емхана негізінде  БАҚ өкілдері мен  CALL  орталық мамандарын бірыңғай медициналық сақтандыру жүйесін енгізу бойынша оқыту оздырылады.      Оқыту және кейін ақпараттық тұрғыда насихаттау үшін маман жолдауыңызды сұраймыз.


Аңдатпа

2017 жылдың 21 ақпанында сағат 10.00-де психикалық денсаулық орталығы негізінде суицидтің алдын алу бойынша жалпы тәжірибе дәрігерлерін оқыту оздырылады.


Аңдатпа

2017 жылдың 22 ақпанында сағат 10.00-де облыстық балалар ауруханасы негізінде тұрмыстық жарақат, оңалту қызметі бойынша баспасөз туры оздырылады.


Андатпа

27 ақпан күні сағат 15.00 –де мүгедектерді әлеуметтік қорғау мәселесі бойынша дөңгелек үстел өткізіледі.


Аңдатпа

«Жаңадан пайда болған қатерді анықтау үшін инновациялық әдістеме» (қалқанша без, сүт безі, лимфалық түйіндер және жұмсақ тіндер) тақырыбы бойынша ШЖҚ «Облыстық кеңесші диагностикалық орталығы» МКК-да конференцияның жоспарлануы туралы хабарлайды.

Жоғарыда аталған конференцияға дәрігерлер эндокринологтар, онкологтар, маммологтар, урологтар тағы басқа мамандар шақырылады. Конференцияның өтетін уақыты 17 наурыз, сағат 15.00.


 

Аңдатпа

2017 жылдың 14 сәуірінде сағат 11.00-де денсаулық сақтау басқармасы негізінде м.ғ.д, профессов Құлниязова Гүлшат Матайқызының қатысуымен вакцинациядан бас тарту мәселесі бойынша семинар жұмысы оздырылады. Семинар жұмысына дін, білім, прокуратура және т.б. өкілдері қатысады.


Аңдатпа

21 қыркүйек күні сағат 17-00-де 117 кабинетте ОДСБ базасында селекторлық режімде «Перинаталды скринингті ұйымдастыру» атты дәрігерлік отырыс болады. Акушерлік ультрадыбыстық зерттеу – ұрықтың ақауларын ерте алдын-ала анықтауға арналған инновациялық зерттеу әдістері.            Қатысуға емдеу ісі жөніндегі орынбасарлары, ОДО жетекшісі, акушер гинекологтары, қалалық емханалардың педиатрлары шақырылады.            Селекторлық режімде Орталық аудандық аурухананың және аудандық ауруханалардың мамандары шақырылады: емдеу ісі жөніндегі орынбасары, ОДО жетекшілері, жалпы тәжірибе дәрігерлері, педиатрлар, акушер-гинекологтар, акушерлер.            Конференция бағдарламасы қоса беріледі

Конференция бағдарламасы

ОДСБ 117 каб                                                                                                                    сағ 17:00

Қалалық ауруханалардың емдеу ісі жөніндегі орынбасарлары, ОДО жетекшілері, педиатр дәрігерлері, қалалық акушер гинекологтар бар.

Селекторлы режимде шақырылғандар:  Орталық аудандық ауруханалар, (жалпы тәжірибе дәрігерлері және акушер гинеколог, педиатр, акушерлер).

Тақырыбы: «Перинаталдық ұйымдастыру скринингі. Акушерлік ультрадыбыстық зерттеу- ұрықтың ерте антенаталды анықтаудағы инновациялық зерттеу, жүктілік кездегі скринингті зерттеу»

  1. «БҚО- дағы перинаталдық ұйымдастыру скинингі» (ДСБ штаттан тыс генетик дәрігер Е. М. Жолдыбаева.) 20 минут.

  2. «Акушерлік ультрадыбыстық зерттеу- ұрықтың ерте антенаталды анықтаудағы инновациялық зерттеу, жүктілік кездегі скринингтік зерттеу» (бөлімше меңгерушісі УДЗ дәрігері Н. К. Саморока) 20 минут.

  3. ОКДО деңгейінде жүктілік кезіндегі скринингтік зерттеу (УДЗ дәрігері Ж. С. Дуйсенгалиев)

  4. Штаттан тыс мамандар сөздіктері (акушер гинеколог, неонатолог дәрігер)


    Андатпа

2017 жылғы 26 қазанда  14.00сағ. Орал қ. Алматы көшесі, 60 мекен-жайында орналасқан ШЖҚ «Облыстық наркологиялық  диспансері» МКК  мәжіліс залында «Алкогольді шектен тыс мөлшерле қолданудың алдын алу. «Біздер дені сау ұрпақ үшін» ұранымен 28 қазан – Ұлттық алкогольден бас тарту күні»  тақырыбында дөңгелек үстел өткізіледі.

Дөңгелек үстелдің мақсаты: Тұрғындардың хабардар болуын арттыру, алкогольдің адам ағзасына келтірер зиянының ауқымы және алкогольді,  соның ішінде сыраны қолдануды азайтуға бағытталған пәрменді шаралар туралы объективті ақпарат тарату. Алкогольді қолдану 200 ден аса аурулардың себебі және  кез келген адамға, оның жынысына, ұлтына, мәдениетіне немесе біліміне қарамастан,  оның денсаулығына қауіп тудырады, зардап шектіреді, ауыру мен өлімге әкеп соғады, отбасы мен ұлттық экономиканы құлдыратады.

.   БҚО ДСБ, ІІД, Қалалық білім бөлімі, қалалық әкімдік (жастар ісі жөніндегі департамент), № 1.2.3.4,5,6 ҚЕ, «Мед центр» ЖШС, «Талап» АҚ, ҮЕҰ, БАҚ, СӨСҚО, Жастар денсаулық орталығының өкілдері және т.б. шақырылды

 

Мемлекеттік бағдарламалар