28 Мамыр 2018
1393

ЕРЕЖЕ

2012 жылғы 6 желтоқсандағы №    243

облыс әкімдігінің қаулысына

ҚОСЫМША

 

2004 жылғы 31 желтоқсандағы №    370

облыс әкімдігінің қаулысымен  бекітілген

 

«Батыс Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасы»

мемлекеттік мекемесі туралы ереже


1. Жалпы ережелер

1. «Батыс Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесі   (бұдан әрі – Басқарма) денсаулық сақтау саласында мемлекеттік саясатты және мемлекеттік басқару функциясын жүзеге асыруға және денсаулық сақтаудың аймақтық бағдарламасын жүргізуге, азаматтардың қауіпсіз, тиімді және сапалы медициналық көмек алу құқықтарының теңдігін қамтамасыз етуді жүзеге асыруға уәкілетті жергілікті атқарушы орган болып табылады.

2. Басқарма өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің, облыс әкімі мен әкімдігінің актілеріне, өзге-де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

3. Басқарма ұйымдық-құқықтық нысандағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

4. Басқарма азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

5. Басқарманың егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

6. Басқарма өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Басқарма басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

7. Басқарманың құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.

8. Заңды тұлғаның орналасқан жері:

индекс 090001, Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Достық-Дружба даңғылы, 201.

9. Мемлекеттік органның толық атауы: мемлекеттік тілде — «Батыс Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесі, орыс тілінде – «Государственное учреждение „Управление здравоохранения Западно-Казахстанской области“.

10. Осы Ереже Басқарманың құрылтай құжаты болып табылады. Басқарманың құрылтайшысы Батыс Қазақстан облысының әкімдігі болып табылады.

11. Басқарма қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.

12. Басқармаға кәсіпкерлік субъектілерімен Басқарманың функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

Егер Басқармаға заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.


 2. Басқарманың миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары,

құқықтары мен міндеттері

 

13. Басқарманың миссиясы:

Салауатты өмір салтын насихаттау арқылы тұрғындардың денсаулығы жағдайын жақсарту және облыс тұрғындарына медициналық қызмет көрсетуді жетілдіру болып табылады.

14. Басқарманың негізгі міндеттері:

1) облыс тұрғындарының денсаулығын нығайту;

2) облыстың денсаулық сақтау жүйесінің тиімділігін арттыру;

3) кадр ресурсы жүйесін дамыту;

4) тұрғындардың дәрілік заттармен қамтамасыз етілуін жетілдіру.

15. Басқарманың функциялары:

Басқарма өзіне жүктелген міндеттерге сәйкес заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес денсаулық сақтау мәселелері бойынша мемлекеттік және мемлекеттік емес денсаулық сақтау субъектілерінің қызметін үйлестіреді және оған бақылау жүргізеді;

2) тегін медициналық көмектің кепілді көлемі (ТМККК) шеңберінде азаматтар мен оралмандарды медициналық көмекпен, дәрілік заттармен және медициналық мақсаттағы бұйымдармен қамтамасыз етеді;

3) бастапқы медициналық-санитарлық көмек (БМСК) ұйымдарында емдеу-профилактикалық жұмыстарды ұйымдастырады;

4) ТМККК көрсету үшін медициналық қызметтер, дәрілік заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар, вакциналар, иммунологиялық препараттарды сатып алуларды ұйымдастырады:

өкілетті органмен бекітілген тізбеге сәйкес амбулаторлық деңгейде;

дәрі-дәрмектік формуляр көлемінде стационарлық деңгейде;

5) дәрілік заттардың қолжетімділігін қамтамасыз етеді;

6) медициналық мақсаттағы бұйымдарды, медициналық техникаларды, жабдықтарды, автокөлікті сатып алуларды, сондай-ақ мемлекеттік мекемелерді күрделі жөндеу жүргізу қызметін ұйымдастырады;

7) өз құзыреті аясында облыстың денсаулық сақтау ісінде қаржыландыру мен басқаруды ұйымдастырады;

8) медициналық және фармацевтикалық кадрлардың үздіксіз кәсіби дайындығы мен кадрлық қамтамасыз етуді ұйымдастырады;

9) Қазақстан Республикасының «Лицензиялау туралы» заңнамасына сәйкес медициналық және фармацевтикалық қызметті лицензиялауды жүзеге асырады;

10) салауатты өмір салты мен салауатты тамақтануды насихаттауды және қалыптастыруды жүзеге асырады;

11) қан айналымы органдарының туа біткен ақаулықтары бар ерте жастағы балаларды жергілікті бюджет қаражаты есебінен шетелге емдеуге жолдауды ұйымдастырады.

16. Басқарманың құқықтары мен міндеттері:

Өз құзыреті шеңберіндегі міндеттер мен функцияларды жүзеге асыру мақсатында Басқарма заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) ведомстволық бағынысты медициналық ұйымдардың басшылары мен ұйым басшысының ұсынуымен оның орынбасарларын лауазымдарына тағайындауға және босатуға;

2) заңнамада белгіленген тәртіппен ведомстволық бағынысты медициналық ұйым басшыларының кәсіби біліктілігін аттестациялауды жүргізуге;

3) мемлекеттік органдардан, басқа да ұйымдар мен лауазымды тұлғалардан өз құзыретінің мәселелері бойынша қажетті ақпараттар мен материалдарды сұратуға және алуға;

4) азаматтар денсаулығы мен денсаулық сақтаудың дамуына ерекше үлес қосқан медициналық қызметкерлерді марапаттауға ұсынуға;

5) Басқарма құзыретіне енетін мәселелер бойынша кеңестер, семинарлар, конференциялар және халықаралық симпозиумдер өткізуге;

6) төтенше жағдайларда жұмылдыру даярлығын, мемлекеттік құпияларды сақтау және іс-шараларды орындауды ұйымдастыруға;

7) азаматтардың денсаулығын қорғау саласында мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру бойынша үкіметтік емес қоғамдық ұйымдармен ведомствоаралық және сектораралық өзара іс-қимыл жасауды және ынтымақтастықты ұйымдастыруға;

8) ведомстволық бағынысты медициналық ұйымдардың медициналық және қаржылық қызметіне ішкі бақылау жүргізуге;

9) медициналық жұмысты ұйымдастыруға, бағыныcты мекемелерде ұйымдастыру-әдістемелік жұмыстарды жүргізуге, заманауи профилактикалық-емдеу әдістерін енгізуге, облыстың медициналық ұйымдарының шаруашылық-экономикалық қызметі жөніндегі келешекті жоспарларды жасауға;

10) халық денсаулығын қорғауға байланысты облыстық бағдарламаларды, жоспарларды әзірлеуге;

11) басқармаға келіп түскен өтініш, шағымдарды қарауға және олар бойынша қажетті шаралар алуға құқылы.


 

3. Басқарманың қызметін ұйымдастыру

 

17. Басқармаға басшылықты Басқармаға жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын басқарма бастығы жүзеге асырады.

18. Басқарма бастығын облыс әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.

19. Басқарма бастығының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.

20. Басқарма бастығының өкілеттігі:

1)      өз орынбасарларының және басқарманың құрылымдық бөлімшелері жетекшілерінің міндеттері мен өкілеттіктерін белгілейді;

2)      Басқарма қызметкерлерін тағайындайды және лауазымдарынан босатады;

3)      заңнамада белгіленген тәртіппен Басқарма қызметкерлерін ынталандыруды жүзеге асырады;

4)      заңнамада белгіленген тәртіппен Басқарма қызметкерлеріне тәртіптік жаза қолданады;

5)      өз құзырының шегінде бұйрықтар шығарады, нұсқаулар береді, қызметтік құжаттарға қол қояды;

6)      Басқарманың құрылымдық бөлімшелері туралы ережені бекітеді;

7)      мемлекеттік органдарда және өзге-де ұйымдарда Басқарманың атынан өкілдік етеді;

8)      Басқарманың құзырына кіретін мәселелер бойынша нормативтік құқықтық актілердің, бағдарламалар жобаларының және басқа да құжаттардың орындалу барысын бақылайды;

9)      Басқарманың құзырына кіретін мәселелер бойынша есептік материалдарды дайындау жөніндегі жұмыстарды бақылайды;

10) Басқарманың Стратегиялық жоспарының іске асырылу барысын үйлестіреді;

11) белгіленген тәртіппен қаржылық-экономикалық және шаруашылық қызмет мәселелерін шешеді, бюджеттік қаражаттардың тиімді және мақсатты орындалуын бақылайды;

12) заңдылықтың, Басқарманың қызметіндегі келісім-шарттық және қаржылық тәртіптің сақталуын қамтамасыз етеді;

13) Басқарма бастығы гендерлік саясатты іске асыру мәселелері жөніндегі жұмыстарды жүргізеді және осы бағыттағы жұмысқа дербес жауап береді.

14)  Басқарма бастығы сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі жұмыстарды жүргізеді және осы бағыттағы жұмысқа дербес жауап береді.

15) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге-де өкілеттікті жүзеге асырады.

Басқарма бастығы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

21. Басқарма бастығы өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.

22. Басқарма аппаратын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын басқарма бастығы басқарады.


 

 

4. Басқарманың жұмыс режимі

23. Басқарманың жұмыс режимі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларымен реттеледі.


   

5. Басқарманың мүлкі

 

24. Басқарманың заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.

Басқарма мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге-де көздер есебінен қалыптастырылады.

25. Басқармаға бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.

26. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Басқарма өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.


 

6. Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату

 

27. Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Мемлекеттік бағдарламалар