28 Мамыр 2018
997

Баяндамалар

Қазақстан Республикасы

Тәуелсіздігінің 25жылдығына

арналған кеңестегі басқарма басшысы

Қ.М.Ирменовтің баяндамасы

 

 

 

       Орал қ.

Облыстық мәслихаттың үлкен мәжіліс залы                                                                         26.12.2016 ж.14-30 мин.

 

 

Батыс Қазақстан облысы денсаулық сақтау саласының тәуелсіздік жылдары қол жеткізген жетістіктері туралы

 

Құрметті қонақтар, ардагерлер, әріптестер бүгінгі салтанатты шараға қош келдіңіздер!

 

Биыл еліміз орасан ұлы оқиға – Қазақстан Республикасының 25 жылдығын кеңінен атап өтуде.Тәуелсіздіктің Жиырма бес жылдығы Декларациясында атап көрсетілгендей, бұл жылдар «Қазақстан үшін ілгерілеу мен орнықты дамудың кезеңі болды. Тәуелсіздіктің 25 жылында Қазақстан экономикасы қарқынды дамыған, табысқа жетудің бірегей тәжірибесі бар саяси тұрақты мемлекет ретінде қалыптасты. Біздің елімізде экономикалық, саяси және әлеуметтік салаларда аса ірі өзгерістер жүзеге асты.

      Ұлт денсаулығы, денсаулық сақтау саласын дамыту және саламатты өмір салтын қалыптастыру экономикалық және әлеуметтік дамудың маңызды факторларына айналды. Отандық денсаулық сақтау саласы әлемдік стандарттар деңгейіне көтерілді: заманауи медицина орталықтары, ауруханалар мен емханалар салынды, еліміздің барлық өңірлерінде зерттеулер мен жоғары технологиялы операциялардың бүкіл спектрі жүзеге асырылуда. Қазақстан еуразиялық кеңістікте медициналық туризмнің орталығына айналып келеді. Халық денсаулығы көрсеткіштерінде Біріккен Ұлттар ұйымының  Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мойындаған айтарлықтай оң өзгерістерге қол жеткізілді.

Біздің облысымыз бойынша Тәуелсіздік жылдары күтілетін өмір ұзақтығы  6,9 жылға ұзарды және 1991 жылғы 64,8-ге қарсы 2015 жылдың қорытындысы бойынша 71,7 жылды құрады. 2020 жылға қарай күтілетін өмір ұзақтығының деңгейін 73 жасқа дейін жеткізу 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасының  мақсатты индикаторы болып табылады.

Заманауи диагностикалау әдістерін қолдану және ерте сатысында ұрық патологиясын анықтау нәтижесінде тәуелсіздік жылдары нәресте өлімін 3,5 есеге төмендетуге қолжеткізілді (1000 тірі туылғанға 1991 жылғы 26,2-ден 2016 жылы 7,4-ке дейін). 25 жылда ана өлімінің көрсеткіші 77,1%-ға төмендеді (100 мың тірі туылғанға 1991 жылғы 68,5-тен 2016 жылдың қорытындысы бойынша 15,7-ге дейін).

Осы жылдар ішінде халықаралық стандарттар мен  Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (бұдан әрі – ДДҰ) ұсынбалары енгізілді, атап айтқанда: ДДҰбойынша тиімді перинаталдық технологиялар, халықаралық стандарттар бойынша тірі туу критерийіне көшу, ана мен нәрестенің бірге болуы, серіктес босанулар, клиникалық хаттамалар, халықаралық стандарттарға сәйкес негізгі патологиялық нозологиялар бойынша алгоритмдер, жүктілік кезіндегі пренаталдық скрининг, өңірлендіру принциптері.

  1. Әлеуметтік маңызы бар аурулармен сырқаттанушылық жәнеодан өлім-жітім көрсеткіші төмендеді:

«Алтын уақыт» кезеңінде жұмыстың жаңа механизмдерін енгізу, госпитальға дейінгі кезеңдегі  уақтылы тромболизистік ем, ЖКС (жіті коронарлық синдром) кезінде шұғыл стенттеуді жүргізу, кардиохиругияда  жоғары мамандандырылған медициналық көмектің енгізілуі және жыл сайынғы скринингтің жүргізілу уақытында ҚАЖ ауруларын ерте анықтау нәтижесінде қанайналым жүйесі ауруларынан өлім-жітім 45,9%-ға төмендеді (100 мың тұрғынға 1991жылғы 378,1-ден 2016 жылы 204,7-ге дейін).

      Облыста туберкулезбен сырқаттанушылық 52,7%-ға (100 мың тұрғынға 1991 жылғы 104,8-ден 2016 жылы 49,6-ға дейін), өлім-жітім 86,4%-ға (100 мың тұрғынға 19,8-ден 2,7-ге дейін) төмендеді.

      Батыс Қазақстан облысында қатерлі ісік ауруларынан өлім-жітім 6 нозология бойынша қатерлі ісік ауруларын ерте анықтаудың скринингтік бағдарламаларды, реабилитациялық және  паллиативті көмекті енгізу, жоғары мамандандырылған медициналық көмекті (ЖММК) дамыту есебінен 46,8%-ға төмендеді (100 тың тұрғынға 1991жылғы 169,5-тен 2016 жылы 90,2-ке дейін), бұл науқастардың 5 жылдық өмір сүру көрсеткішінің 50,3%-ға дейін өсуіне әсер етті.

       Санитариялық авиацияны дамыту, «алтын уақыт» кезеңінде кезек күттірмейтін шұғыл қызметті жетілдіру, республикалық және жергілікті маңызды жолдарда шұғыл медициналық-құтқару көмегін көрсету жөніндегі пункттерді құру нәтижесінде  жазатайым оқиғалардан, жарақаттанулар мен уланулардан өлім-жітімді 13,5%-ға төмендетуге (100 мың тұрғынға 1991 жылғы 99,8-ден 2016 жылы 86,3-ке дейін) қолжеткізілді.

       Жедел медициналық көмек қызметінің барлық автокөлігінеGPS-навигация орнатуды және радиоландыруды қамтамасыз етумен жедел жәрдемге жаңғырту жүргізілді. Санитарлық автокөлік автопаркі ұдайы жаңартылып отырылады.

Профилактикалық кеңестік көмек көрсету, суицидтің және күйзелісті күйдің алдын алу мақсатында облыстың медицина ұйымдары базасында «Сенім телефондары» жұмыс жасайды.Тәуелсіздік жылдарында облыстың денсаулық сақтау саласын қаржыландыру 3,3 есеге өсті (2015 жылы – 22,1 млрд. теңгені құрады (2005ж.-6,6 млрд.теңге).

       102 денсаулық сақтау нысаны салынып, пайдалануға берілді, соның ішінде «100 мектеп, 100 аурухана құрылысы» жобасы бойынша – 6 нысан:

  • ШЖҚ «Зеленов аудандық орталық ауруханасы» МКК (2010ж.)

  • ШЖҚ «Теректі аудандық ауруханасы» МКК (2010ж.)

  • ШЖҚ «№5 қалалық емхана» МКК (2010ж.)

  • ШЖҚ «Облыстық онкологиялық диспансер» МКК (2010ж.)

  • ШЖҚ «Ақжайық аудандық орталық ауруханасы» МКК-емхана (2010ж.)

  • ШЖҚ «Көп бейінді облыстық балалар ауруханасы» МКК (2010ж.).

2025 жылға дейін желіні дамытудың Болашақ жоспарын жүзеге асыру шеңберінде көпбейінді стационарлар дамытылуда, көлденеңінен және тігінен интеграциялау жолымен мамандандырылған қызметтерге оңтайландырылу (туберкулез, наркологиялық, психиатриялық қызметтері) жүргізілді. Денсаулық сақтауды басымды дамытуда МСАК ұйымдарының желісі жетілдірілуде, №5 және №6 қалалық емханалар ашылды, №1 және №3 қалалық емханаларда пациенттер легі мен кезектілікті төмендету үшін №7 қалалық емхананы ашу жоспарлануда. Тұрғындардың ішкі көшіп-қонуларымен байланысты халық саны азайған шалғайдағы елді мекендердегі медициналық пункттер жабылуда, керісінше қала маңы аймағындағы, Зеленов, Теректі және Бөрлі аудандарындағы  МСАК желісі кеңейтілуде.

МСАК-ты жетілдіру үшін ұйымдарда жан басына шаққандағы қаржыландыру, түпкіліктінәтижеге қол жеткізгені үшін жан басына шаққандағы ынталандырушы компонент, жаңадан әлеуметтік қызметкерлер лауазымдары, психологтар мен үшінші мейіргерлер енгізілді,  жалпы тәжірибе дәрігерлерінің саны 324 маманға дейін өсіп, ол МСАК дәрігерлерінің жалпы санынан 95% құрады.

Құны қымбат стационарлық звеноны алғашқы деңгейге ығыстыру мақсатында ресурс үнемдеуші технологияны дамыта бастадық. Стационаралмастырушы технологияларды дамыту тәулік бойы жұмыс жасайтын төсек қорын 14%-ға  қысқартуға мүмкіндік беріп, ол күндізгі стационар жағдайында емделген науқастар санын 2011 жылмен (44 148 науқас)салыстырғанда 31,2%-ға (2015ж.-57 899 науқас) арттыруға мүмкіндік берді. Амбулаториялық хирургия орталықтары ашылды, олардың базасында жыл сайын 19 мың кіші хирургиялық операциялар жүзеге асырылады.400-ден астам стационарлық төсек жаңаша талап етілетін бейіндерге қайта бейінделді (оңалту – 300 төсек шамасында, 76 төсек мейіргер күтімі, 30 төсек паллиативтік күтім және т.б.).

      Тәуелсіздік жылдары облыста травматология, кардиохирургия, офтальмология, нейрохирургия, онкология, гинекология және балалар хирургиясы бойынша жоғары мамандандырылған медициналық көмектің (ЖММК) 100 түрі енгізілді, тұтастай алғанда жыл сайын жоғары мамандандырылған медициналық көмектің 700 жағдайы жүзеге асырылады.

      Көліктік және дистанциялық медицина енгізілді және оны дамыту жалғасуда. Облыста 3 жылжымалы мобильдік кешен (ЖМК), флюорожылжымалар және жылжымалы стоматологиялық құрылғылар жұмыс жасайды. Олардың көмегімен облыстың 10 ауданының 200 елді мекеніндегі 35 мың адам жыл сайын білікті, әрі мамандандырылған медициналық көмек алады.

      9 телемедицина орталығы базаларында жыл сайын жоғары білікті мамандармен 1500-ден астам дистанциялық кеңес жүргізіледі, соның ішінде жетуі қиын елді мекендердегі пациенттер үшін де.

 Облысқа соңғы 5 жыл ішінде 400-ден астам жас маман тартылды және бүгінгі күні дәрігерлер саны – 1577 құрайды (ДСӘДМ жүйесі), 10 мың тұрғынға қамтамасыз ету -24,7 құрайды.

      Дәрігерлер жетіспеушілігі 10 есе, 2007 жылғы 400-ден 2016 жылы 40 маманға дейін төмендеді.

      Медициналық білім жүйесін жақсарту мақсатында Батыс Қазақстан Жоғары медициналық колледжі негізінде симуляциялық орталық ашылды. Оның негізгі міндеттері медицина қызметкерлерінің білімін тәуелсіз бағалау арқылы практикалық дағдыларды стандарттау болып табылады.

      Жыл сайын ел ішінде 500-ге жуық дәрігер, 2500-дей орта медицина маманы өз біліктілігін арттырады. Біздің облысымызға шетел тәжірибесін тартуға көп көңіл бөлінуде. Медицинаның түрлі салалары бойынша дәрігерлердің Литва, АҚШ, Ресей Федерациясы, Финляндия, Оңтүстік Корея, Ұлыбритания елдерінде тағылымдамадан өтуі жалғасуда. 2011 жылдан бері 52 дәрігер шетелде оқып келді, солардың ішінде «Болашық» бағдарламасы бойынша оқығандар – 21маман.

      2016 жылы медицина колледждерін қайта құру аясында Батыс Қазақстан медицина колледжі Жоғары медициналық колледж болып ауыстырылды.

       Пациент денсаулығының электрондық паспортын құру және қағаз құжатайналымын төмендету үшін медицина ұйымдарының 73%-ын қамтумен ақпараттық технологиялар: порталдар, регистрлер, медициналық ақпараттық жүйе енгізілуде, электронды кезекті басқару жүйесі енгізілді.

Соңғы жылдары облыс бойынша медицина ұйымдары үшін республикалық және жергілікті бюджет есебінен тегін медициналық көмектің кепілді көлемі шеңберінде сатып алынған препараттар саны 1014 аталымға дейін жетті (2005ж. – 600 аталым).

Әлеуметтік маңызы бар аурулардан азап шегетін тұлғаларды тегін және жеңілдетілген дәрілік заттармен, тұрғындарды вакциналармен және басқа иммунобиологиялық препараттармен қамтамасыз ету – 100% құрады.

      Дәрілік заттар және медициналық мақсаттағы бұйымдардың дистрибуциялық Бірыңғай жүйесі құрылды, ол қаражатты біраз үнемдеуге және отандық препараттарды тұтыну үлесін 65%-дан 80%-ға дейін ұлғайтуға мүмкіндік туғызды. Ауыл тұрғындарына дәрілік көмектің қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін дәрілік заттармен қамтуды МСАК нысандары арқылы жүзеге асыру ұйымдастырылды. Ауылдық елді мекендерде 216 дәріханалық ұйымдар ашылды, соның ішінде МСАК деңгейінде – 127, дәрілік заттардың ауыл тұрғындарына қолжетімділігі 35,3% құрайды.

Осы жылдар ішінде атқарылған жұмыстар тұрғындардың медициналық қызмет көрсету сапасына қанағаттанушылығын арттырды, бұл 2016 жылдың 11 айының қорытындысы бойынша  93% құрады. «Осы жерде және қазір» принципі бойынша мәселелерді шешу үшін облыстың барлық медицина ұйымдарында пациентті қолдау және ішкі бақылау қызметі (ПҚжІБҚ) енгізілді.

      2016 жыл – денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» жаңа Мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асырудың бастамасымен ерекшеленеді, денсаулық сақтау жүйесін жетілдіру  және   Қазақстанның әлемнің алдынғы қатарлы 30 елі қатарына енуі үшін денсаулық көрсеткіштеріне қол жеткізудің  үйлесімді жалғасы болып табылады.      Көпбейінді стационарларды дамыту аясында 2016 жылы 300 төсек орынғаарналған Қалалық көпбейінді аурухана ашылды. Ол Орал қаласының тұрғындарына стационарлық медициналық сапалы көпбейінді көмек (нейро-инсульттік орталық, полижарақаттар, босану, жалпы терапевтік, гинекологиялық бөлімшелер т.б.) көрсететін болады.

     Шұғыл медициналық көмек көрсету және госпитальға дейінгі кезеңде пациенттерді тасымалдау үшін 52 бірлік санитарлық көлік сатып алынды, олардың 17 бірлігі реанимобильдер.

      Электрондық кезекті енгізумен денсаулық сақтау жүйесін ақпараттандыру жалғасуда.

      МСАК-пен туберкулез қызметін интеграциялау жүргізілді.

      Ағымдағы жылы Батыс Қазақстан Жоғары медициналық колледжі 100 жылдық мерейтойын атап өтті, колледж еліміздегі ең алғашқы медициналық оқу орны болып табылады.

      Үстіміздегі жыл облысымызға «Тәуелсіз Қазақстан» поезының» келуімен ерекшеленеді,онда республикамыздың алдынғы қатарлы клиникаларының дәрігерлер командасы жұмыс істеді, 400-ден астам адамды тексеріп-қарады, олардың 122-сі балалар. Аталған шара Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25жылдығына арналған  көлемді әлеуметтік акциялардың бірі болып табылады.

Айтулы мереке қарсаңында Батыс Қазақстан облысының жас дәрігерлерінің «Дәрігердің күші оның жүрегінде» қамқорлық форумы өткізілді. Аталған шара жастардың бейбітшілік пен келісімді насихаттаудағы мүдделілігін танытты. Бұл жастар өз тәлімгерлерінің дәстүрін одан әрі жалғастыратын және облыстың денсаулық сақтау саласында жаңа биіктерді бағындыратын – Батыс Қазақстан облысының креативті, жетістікке жеткен және ертеңгі күнге сенімді дәрігерлері.

      Батыс Қазақстан облысының Көп бейінді облыстық балалар ауруханасының 40 жылдығына орай аталған аурухана базасында 2016 жылғы 9 желтоқсанда педиатрия және балалар хирургиясының мәселелері бойынша өңірлік ғылыми-тәжірибелік конференция оздырылды.

      Бүгінгі күні ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығын қорытындылаумен Тәуелсіздіктің Жиырма бес жылдығы Декларациясында атап көрсетілгендей, бұл жылдар «Қазақстан үшін ілгерілеу мен орнықты дамудың кезеңі болды.  Тәуелсіздіктің 25 жылында Қазақстан экономикасы қарқынды дамыған, табысқа жетудің бірегей тәжірибесі бар саяси тұрақты мемлекет ретінде қалыптасты. Біздің елімізде экономикалық, саяси және әлеуметтік салаларда аса ірі өзгерістер жүзеге асты.Барлық жетістіктер мен жеңістер әрбір қазақстандықтың», соның ішінде әрбір батысқазақстандықтың табанды да тынымсыз еңбегінің арқасында мүмкін болды. Адами капиталының мықты қорын қалыптастыруға өзіндік үлес қосып жүрген әр әріптесіме, әр денсаулық сақтау сақшысына тынбай еңбек етіп,   қызметіңізде тек озық жетістіктермен танылуыңызға тілектеспін.

 Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Еліміздің басты байлығы, ең қастерлі қазынасы жердің астында да емес, жердің үстінде де емес – адамдарымыздың жүрегінде»-дейді. Ендеше, жүректеріңіздің дүрсілі адалдықты, адамдықты үндесін. Мерекеңізбен!

Мемлекеттік бағдарламалар