28 Мамыр 2018
1041

Басқарманың миссиясы

Салауатты өмір салтын насихаттау арқылы тұрғындардың денсаулығы жағдайын жақсарту және облыс тұрғындарына медициналық қызмет көрсетуді жетілдіру болып табылады.

Басқарманың негізгі міндеттері:

  1. Облыс тұрғындарының денсаулығын нығайту;
  2. Облыстың денсаулық сақтау жүйесінің тиімділігін арттыру;
  3. Кадр ресурсы жүйесін дамыту;
  4. Тұрғындардың дәрілік заттармен қамтамасыз етілуін жетілдіру.

Басқарманың функциялары:

Басқарма өзіне жүктелген міндеттерге сәйкес заңнамада белгіленген тәртіппен:

  1. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес денсаулық сақтау мәселелері бойынша мемлекеттік және мемлекеттік емес денсаулық сақтау субъектілерінің қызметін үйлестіреді және оған бақылау жүргізеді;
  2. тегін медициналық көмектің кепілді көлемі (ТМККК) шеңберінде азаматтар мен оралмандарды медициналық көмекпен, дәрілік заттармен және медициналық мақсаттағы бұйымдармен қамтамасыз етеді;
  3. бастапқы медициналық-санитарлық көмек (БМСК) ұйымдарында емдеу-профилактикалық жұмыстарды ұйымдастырады;
  4. ТМККК көрсету үшін медициналық қызметтер, дәрілік заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар, вакциналар, иммунологиялық препараттарды сатып алуларды ұйымдастырады:
    • өкілетті органмен бекітілген тізбеге сәйкес амбулаторлық деңгейде;
    • дәрі-дәрмектік формуляр көлемінде стационарлық деңгейде;
  5. дәрілік заттардың қолжетімділігін қамтамасыз етеді;
  6. медициналық мақсаттағы бұйымдарды, медициналық техникаларды, жабдықтарды, автокөлікті сатып алуларды, сондай-ақ мемлекеттік мекемелерді күрделі жөндеу жүргізу қызметін ұйымдастырады;
  7. өз құзыреті аясында облыстың денсаулық сақтау ісінде қаржыландыру мен басқаруды ұйымдастырады;
  8. медициналық және фармацевтикалық кадрлардың үздіксіз кәсіби дайындығы мен кадрлық қамтамасыз етуді ұйымдастырады;
  9. Қазақстан Республикасының «Лицензиялау туралы» заңнамасына сәйкес медициналық және фармацевтикалық қызметті лицензиялауды жүзеге асырады;
  10. салауатты өмір салты мен салауатты тамақтануды насихаттауды және қалыптастыруды жүзеге асырады;
  11. қан айналымы органдарының туа біткен ақаулықтары бар ерте жастағы балаларды жергілікті бюджет қаражаты есебінен шетелге емдеуге жолдауды ұйымдастырады.

Мемлекеттік бағдарламалар