БЕРКІНҒАЛИ НҰРДАНАТ
Нұрданат Беркінғали Алматы мемлекеттік медицина институтын Емдеу ісі мамандығы бойынша бітірген. 2005-2008 жылдары «Болашақ» бағдарламасымен Hannover Medical School (Германия Федеративтік Республика) оқу орнында докторантурадан өткен. Философия докторы (PhD).
1999-2001 жылдары Алматы қаласының Медициналық жедел жәрдем станциясының фельдшері болып жасады;
2002-2005 жылдары - А.Н. Сызғанов хирургия ғылыми орталығының оториноларинголог-дәрігері;
2009 жылдың наурыз-сәуір айларында ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Стратегиялық даму және денсаулық сақтау департаментінің халықаралық ынтымақтастық және инновациялық даму жөніндегі сарапшысы;
2009 жылдың сәуір-шілде айларында ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Стратегиялық даму және денсаулық сақтау департаментінің арнайы тексеру қорытындысы бойынша басқарманың халықаралық ынтымақтастық және инновациялық даму жөніндегі сарапшысы;
2009 жылдың шілде-желтоқсан айларында ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Ғылым және адами ресурстар департаментінің медициналық ғылым және білім басқармасының бірінші санатты сараптамашысы;
2009-2010 жылдары - ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Ғылым және адами ресурстар департаментінің адами ресурстарды дамыту басқармасының бас сарапшысы;
2015-2017 жылдары – «Медицелл» ЖШС-ның директоры;
2017 жылдың 1 маусымынан Батыс Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасы басшысының даму және ұйымдастыру жұмыстары жөніндегі орынбасары;
2018 жылдың 7 желтоқсан айынан Батыс Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасы басшысы.