Астана күніне орай Батыс Қазақстан облысында Алматы қаласындағы Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығының мамандары консультациялық көмек көрсетті.

. Жаңалықтар айдарында


маршалкина пульмо
Барлық қоғамның, оның ішінде мүдделі тараптардың балалардың кішкентай кезінен денсаулығын қорғап және одан сайын нығайту, дұрыс тамақтануды, денсаулыққа мұқият қарауды және отансүйгіштікке шақыру мақсатында 2017 жылдың 3 шілде күні ШЖҚ МКК «КОБА» базасында стационарда ем алушыларға арналған, еріктілермен бірге ұйымдастырылған мерекелік шара өтті.
Сонымен қатар, балалардың денсаулығын қорғау, балаға ыңгайлы орта құру, скрининг және алдын ала қаралу мен екпені насихаттау мақсатында Ашық есік күні жарияланды. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының штаттан тыс балалар мамандары кеңестік қаралу жүргізіп, жалпы есепте 46 бала тексеруден өтті.
Тәжірибиелік көмек және балаларға консультативті кеңес беру мақсатында Алматы қаласындағы Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығының пульмонолог дәрігері, медицина ғылымдарының кандидаты Маршалкина Татьяна Васильевна келді. Барлығы стационарлық емдеудегі 6 бала және амбулаторлы 8 бала қаралды.
Арнайы медициналық көмекті қол жетімді жасау мақсатында шалғай орналасқан Бөкейорда және Жәнібек аудандарына 4-5 шілде күндері аралығында консультатівті кеңес беруге мамандар іссапармен жолдануда.
маршалкина оарит IMG_1849 IMG_1867 IMG_1875 IMG_1892 IMG_1900 IMG_1903 IMG_1912 IMG_1913